Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының шет елдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 08-1-1-1/42-1 бұйрығына 6-қосымша) (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 12 февраля 2013
Статус
Утратил силу
утратил силу с 30 октября 2014

ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2014 жылғы 19 наурыздағы № 08-1-1-1/87 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрінің

2013 жылғы 12 ақпандағы

№ 08-1-1-1/42-1 бұйрығына

6-қосымша

 

 

«Қазақстан Республикасының шет елдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу»
мемлекеттік қызмет регламенті
 
1. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасының шет елдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдеу туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2. «Қазақстан Республикасының шет елдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызметті (бұдан - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі - шет елдердегі мекемелер) ұсынады.

3. Регламентте келесі ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік қызметті алушы - мемлекеттік қызмет ұсынылатын, Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар;

2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) - мемлекеттік қызметті ұсыну үдерісіне қатысатын, құзыретті органдар және жауапты тұлғалар.

4. Мемлекеттік қызметтің ұсынылатын түрі: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет:

1) Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 195, 229, 244, 246, 297-баптарына;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 217 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 42-тармағына;

3) «Азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 498 қаулысына;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 6 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының шет елдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом