Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2000 Ж. 12 ҚАЗАНДАҒЫ № 470 ЖАРЛЫҒЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығы

(2012.11.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Президентінің 04.05.2005.ж. № 1569 Жарлығымен  тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Шетелде кадрлар даярлауды одан әрi жетiлдiру және оңтайландыру мақсатында қаулы етемін:

ҚР Президентінің 04.05.2005.ж. № 1569 Жарлығымен  1-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)

1. Қоса берілген:

1) Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия туралы ереже;

2) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамы бекітілсiн.

ҚР Президентінің 14.05.04 ж. № 1368 1-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Президентінің 04.05.2005.ж. № 1569 Жарлығымен  1-1 тармақ жаңа редакциямен толықтырылды (бұр.ред. қара)

1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына тағайындау үшiн үмiткерлердi iрiктеу ережелерiн бекiтсiн.

 ҚР Президентінің 04.05.2005.ж. № 1569 Жарлығымен  1-2-тармақпен толықтырылды

1-2. Қазақстан Республикасы орталық және жергілiктi атқарушы органдарының басшылары жыл сайын 1 қыркүйектен кешiктiрмей Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияға Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша мамандар даярлауға өтiнiм берiп тұрсын.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы № 94»Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы» қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., № 43, 515-құжат):

1-тармақта:

бiрiншi абзацта «250 халықаралық стипендиясы» деген сөздер «халықаралық стипендиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;

екiншi абзацта «Министрлер Кабинетi» деген сөздер «Үкіметі» деген сөзбен ауыстырылсын;

4-тармақта «Білім министрлiгіне» деген сөздер «Білім және ғылым министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақтың күшi жойылды деп танылсын;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом