Хабарлама тәртібінде медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін құру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2013 жылғы 12 ақпандағы № 75 бұйрығы
(2019.02.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-139/2020 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.02.05. № ҚР ДСМ-61 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 29-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.02.05. № ҚР ДСМ-61 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Хабарлама тәртібінде медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізілімін құру қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Д.С. Есімов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасы Д.С. Есімовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | Е. Байжүнісов |
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.02.05. № ҚР ДСМ-61 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)