Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.09.08 № 920 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 100-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 9 тамыздағы

№ 920 қаулысымен

бекітілген

 

 

Жекешелендіру объектілерін сату

қағидасы

 

Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және екі кезеңді рәсімдер арқылы аукцион, тендер және конкурс нысанында сауда-саттықта жекешелендіру объектілерін сату тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату және акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату тәртібін реттейді.

 

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ағымдағы баға - аукциондағы сауда-саттық барысында қалыптасатын жекешелендіру объектісінің бағасы;

2) алғашқы баға - әрбір жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттық басталатын баға;

3) аукцион - қатысушылар өздерінің ұсыныстарын жария түрде мәлімдейтін сауда-саттық нысаны;

4) аукцион нөмірі - қатысушыға аукционда қатысу үшін берілетін нөмір;

5) аукционшы - аукцион жүргізетін және тиісті аукциондық сауда-саттық жүргізу техникасын меңгерген жеке тұлға;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом