«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 15 наурыздағы № 99 шешімі
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман Кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 506-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 12 маусымдағы № 344 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5719 тіркелген, Мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалану үшін төлем ставкаларын есептеуге арналған Ереженің 8-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326 тіркелген, 2010 жылғы 9 ақпандағы «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің № 21 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 2, 3 қосымшалары1, 2 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы К. КЕНЖЕБАЕВ | Облыстық мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |
2013 жылғы 15 наурыздағы № 99
облыстық мәслихаттың шешіміне
1 қосымша
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236
облыстық мәслихаттың шешіміне
2 қосымша
Мемлекеттік орман қорында жанама орман пайдалану үшін төлемақы ставкалары