«Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 15 наурыздағы № 100 шешімі
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 487-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына және «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 тіркелген, бұйрығына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3306 тіркелген, 2010 жылғы 19 қаңтардағы «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің № 6-7 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: