Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысынын және оны беру тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығы
(2012.07.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 635-бабының 4-тармағына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес валюталық түсiм түсуі туралы шешімнің нысаны бекітілсін.
ҚР Қаржы министрінің 2012.12.03. № 146 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Салық қызметі органдары, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша салықтық тексерудің басталған күніндегі жағдай бойынша валюталық түсімнің түсуі жөніндегі қорытындыны беру туралы сұрау салуларды салықтық тексеру басталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына немесе келісімшарттың есепке алу нөмірін беру немесе олар бойынша экспорт жөніндегі келісімшарттарға есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле паспорттары ресімделген келісімшарттарға қатысты есепке алу нөмірін беру немесе мәміле паспорттарын ресімдеу орны бойынша екінші деңгейдегі банктерге;
Қазақстан Республикасында филиалдар мен өкілдіктер арқылы қызметтерін жүзеге асыратын резидент еместерге қатысты филиалдың немесе әкілдіктің банк шоттарын ашу орны бойынша екінші деңгейдегі банктерге.