Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығы (2016.11.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 24 апреля 2013
Статус
Утратил силу
утратил силу с 12 октября 2017

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 

Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы

(2016.11.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Президентінің 2017 жылғы 10 қазандағы № 559 Жарлығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабы 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32 және 36-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығына сәйкес қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдері қоса беріліп отырған Қағидаларда белгіленген тәртіппен қызметке сайланады, өкілеттігін тоқтатады және қызметінен босатылады деп белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы:

1) облыс әкімдерімен бірлесіп, осы Жарлықта көзделген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауы өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің саны мен тізбесін айқындасын;

2) Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыс әкімдері аталған сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом