Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 25 ҚАҢТАРДАҒЫ № 70 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 70 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді

1. Қоса беріліп отырған Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы 2008 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К.Мәсімов

 

 Өнімді Қазақстан Республикасының

кеден аумағынан тыс жерде қайта

өңдеуге рұқсат беру ережесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2008 жылғы 25 каңтардағы

№ 70 қаулысымен бекітілді

 

 

Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан
тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру
ережесі


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже өнімді (бұдан әрі - өнім) Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру (бұдан әрі - Ереже) тәртібін айқындайды.

2. Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беруді (бұдан әрі - рұқсат) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар және халықаралық ұйымдар (бұдан әрі - өтініш беруші) рұқсат алудың субъектілері болып табылады.

4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Ережеде белгіленгеннен өзге ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

 

2. Рұқсат беру тәртібі

 

5. Рұқсат 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкіде ресімделеді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом