Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 22 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
3. Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларын Жоспарда белгіленген айдың 1-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және Жоспарда белгіленген айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1778 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған
жоспары
| Р/с № | Заң жобасының атауы | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Ұсыну мерзімі | Заң жобаларын сапалы әзірлеу және уақтылы енгізу үшін жауапты тұлға |
| Әділетмині | Үкімет | Парламент |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1 | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында исламдық қаржыландыру қағидаттарына негізделген қаржы лизингін дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ЭДСМ | Қаңтар | Қаңтар | Наурыз | А.М. Ескендіров |
| 2 | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | БП (келісім бойынша) | Қаңтар | Ақпан | Наурыз | И.Д. Меркель |
| 3 | «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы | ИЖТМ | Қаңтар | Ақпан | Наурыз | Қ.А. Төлеушин |