Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ереженi бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы №
1428 Жарлығы (ҚР Президентінің 2004.24.12 № 1506 Жарлығымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2013 жылғы 6 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ереже бекітілсiн.
2. Мыналардың:
1) "Республикалық ұлан туралы Ереженi бекіту туралы, Республикалық ұланның ұйымдық құрылымын анықтау және санын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2689 Жарлығының;
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 наурыздағы № 3396 Жарлығының 1-тармағының;
3) "Республикалық ұлан Қолбасшысының басқармасын тарату және Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2689 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 25 ақпандағы № 3855 Жарлығының 2-тармағының;
4) "Республикалық ұланның ұйымдық құрылымын және әскери қызметшiлерiнің, жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң жалпы штат санын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 30 Жарлығының 6-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Президентінің
2004 жылғы 28 тамыздағы № 1428 Жарлығымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы
Ереже