«Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1390 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 456 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1390 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 75-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16) тармақшалары алынып тасталсын;
1) көрсетілген қаулымен бекітілген салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш нысаны осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш нысаны осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш нысаны осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі туралы салықтық өтініш нысаны осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
5) көрсетілген қаулымен бекітілген қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш нысаны осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
6) көрсетілген қаулымен бекітілген бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою туралы салықтық өтініш нысаны осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
7) көрсетілген қаулымен бекітілген бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш нысаны осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
8) көрсетілген қаулымен бекітілген бақылау-касса машинасын пайдалану кезінде туындайтын міндеттемелердің орындалуы туралы салықтық өтініш нысаны осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;