Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1311 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 8 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 77-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) инвестициялық салық преференцияларын қолдану бойынша салық тіркелімінің нысаны;
2) тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық теңгерімдерін айқындау және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар бойынша салық тіркелімінің нысаны;
3) туынды қаржы құралдары бойынша салық тіркелімінің нысаны;
4) резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі шегерімге жатқызған басқарушылық және жалпыәкімшілік шығыстарының сомалары бойынша салық тіркелімінің нысаны;
5) көрсетілген тауарларды сауда объектілерінде, оның ішінде сауда базарларында өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілер сатып алған тауарлар бойынша салық тіркелімінің нысаны;
6) Салық тіркелімдерінің нысандарын жасау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 9 қарашадағы
№ 1311 қаулысымен
бекітілген
нысан
Инвестициялық салық преференцияларын қолдану бойынша
салық тіркелімі
1. СТН ££££££££££££ 2. ЖСН/БСН ££££££££££££
3. Салық төлеушінің атауы________________________________________________________________________________________________
4. Салық кезеңі: жыл ____________________________________________________________________________________________________
Инвестициялық преференциялар бойынша шегерімдер
(теңге)