Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 42) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін кызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидасы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіру ықтимал қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі № 666 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2003 ж,, № 28, 274-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі № 666 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 сәуірдегі № 528 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2009 ж., № 19, 172-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 12 мамырдағы
№ 504 қаулысымен бекітілген
Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру
қағидасы
1. Жалпы ережелер