Қоршаған ортаны қорғау саласындағы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 393-ө бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығымен күші жойылды
2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26-қазандағы № 1116 «Электрондық мемлекеттік қызметінің үлгі регламентін бекіту туралы» қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) 1-қосымшаға сәйкес «Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру»;
2) 2-қосымшаға сәйкес «Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды экспорттауға және импорттауға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқасын беру»;
3) 3-қосымшаға сәйкес «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқасын беру»;
4) 4-қосымшаға сәйкес «І санаттағы объектілері үшін экологиялық рұқсат беру»;