ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 393-Ө бұйрығына
1-қосымша
«Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру»
электрондық мемлекеттік қызметтің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - қызмет) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі - қызмет көрсетуші) көрсетеді, халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталықтар) арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.e.gov.kz. және «е-лицензиялау» веб-порталы: www.elicense.kz арқылы көрсетіледі.
2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 1033 Қаулысымен бекітілген «Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет Стандарты негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт).
3. Қызметтің автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.
4. Қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.
5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:
1) АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны;
2) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ);
3) БНАЖ - бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе;