«Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы қазақстандық қамтудың мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 366 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 554 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 349 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы қазақстандық қамтудың мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 366 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 16, 134-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы қазақстандық қамтудың мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 мамырдағы
№ 554 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 20 наурыздағы
№ 366 қаулысымен
бекітілген
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы қазақстандық
қамтудың мониторингіне жататын ұйымдардың
тізбесі
Ақмола облысы
1. «Көкше» акционерлік қоғамы
2. «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамы
3. «Степногорск ішпек зауыты» акционерлік қоғамы
4. «ENKI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Ақтөбе облысы
5. «Ақтөбе хромды қоспалар зауыты» акционерлік қоғамы
6. «Ақтөбе нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
7. «Айс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
8. «Стройдеталь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Алматы облысы
9. «Джей Ти Ай Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
10. «ZHERSU POWER» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
11. «Қайнар-аккумуляторлық батареялар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
12. «Кнауф Гипс Қапшағай» акционерлік қоғамы
Атырау облысы