Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді дайындау және өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 186 бұйрығы
(2012.11.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 4 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2012.11.01. № 14 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтармен операция жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2012.11.01. № 14 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді дайындау және өткізу ережелері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 22 шілдедегі № 128 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5303 тіркелген, «Заң газеті» газеті 2008 жылғы 15 қазан № 157 (1383), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2008 жыл, № 10 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2011 жылғы 5 мамырдағы
№ 186 бұйрығымен
бекітілді