Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 маусымдағы № 591 Қаулысы
(2016.29.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 213 Қаулысымен 2019 ж. 11 сәуірден бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 10 маусымдағы
№ 591 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 901 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 69-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесінде:
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
9. Елді мекенде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға ниеті бар тұлға жергілікті атқарушы органға осы Ережеге 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтініш жібереді.»;
10-тармақтың 2) тармақшасындағы «шешім қоса беріледі.» деген сөздер «шешім;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) елді мекенде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға ниеті бар тұлғаның өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжат қоса беріледі.»;
қосымшада: