Введите номер документа
Прайс-лист

«Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 123-ө бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 15 мая 2013
Статус
Утратил силу
утратил силу с 17 августа 2015

Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 123-ө бұйрығы

 

ҚР Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 502 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына, 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысаны бекітілсін.

2. «Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 145-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тілізімінде № 7692 тіркелген, 2012 жылғы 11 тамыздағы № 495-500 (27573) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынуды және кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Н. Қаппаров

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігінің

төрағасы

Ә. Смайылов

15 мамыр 2013 жыл

 

Қазақстан Республикасы

Қоршаған ортаны қорғау министрінің

2013 жылғы 15 мамырдағы

№ 123-ө бұйрығымен бекітілген

 

нысан

 

 

Парниктік газдарды түгендеу туралы есеп

 

1. Ұйымның толық атауы бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі _____________________

2. Ұйымның заңды мекен-жайы __________________________________________________________________

3. Парниктік газдар шығарындыларына сертификат нөмірі _____________________________________________

4. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша парниктік газдар шығарындыларын квоталау іске асырылатын қызмет түрі __________________________

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом