2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 10-3 шешімі
(2013.08.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандагы Бюджет кодексінің 9 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2013.08.04. № 12-3 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (2013 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет,тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2013 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 22 275 886 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 4 883 685 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 69 919 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 436 436 мың теңге;
трансферттер түсімі - 16 885 846 мың теңге;
2) шығындар - 22 557 307 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -281 421 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 281 421 мың теңге:
қарыздар түсімі - 700 000 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 637 000 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 218 421 теңге.
2. Жеке табыс салығынан және әлеуметтік салықтан 2013 жылға арналған түсімдердің жалпы сомасы 30 пайыз мөлшерде белгіленсін.
3. 2013 жылға 8 841 146 мың теңге мөлшерінде субвенция орнатылсын.
4. 2013 жылға арналған қала әкімдігінің резерві 50 000 мың теңге сомасындағы мөлшерінде бекітілсін.