Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 936 Қаулысы
(2012.26.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 17 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөнінде комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.24.06. № 705 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 353 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 18 маусымдағы
№ 936 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен
бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссияның
құрамы
| Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
| Бектұров Азат Ғаббасұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
| Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
| Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
| Зейнелғабдин Алтай Болтайханұлы | - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі, |
| Айдапкелов Нұрболат Серғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысы, |
| Бекетаев Марат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы, |