«Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 29 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 1019 Қаулысы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 29 қаулысына (2013 жылғы 17 қаңтардағы Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде тіркелген № 2070, «Қызылжар нұры» газетінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы, «Проспект СК» газетінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемдері жаңа редакцияда мазмұндалсын, осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес.
Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздар еңбекақысы төлемінің мөлшері жаңа редакцияда мазмұндалсын, осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Б. Байбақтиновқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес
жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық
орталығы» ММ бас дәрігерінің м.а.
А. Сыздықова
Қазақстан Республикасы СҚО Петропавл қ.
«Коммунхоз Петропавловск»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
директоры
М. Қалиев
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
«Солтүстік Қазақстан облысының
Әділет департаменті» ММ басшысы
Е. Сейдімбеков
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан
облысының Әділет департаменті