Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 111 бұйрығы
Осы редакция 2013 жылғы 25 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 92-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесі бекітілсін.
2. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Т.М. Савельева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамамен белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2013 жылғы 22 сәуірдегі
№ 111 бұйрығына
қосымша
Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу
кестесі
| Атау | КОДТАР | БЮДЖЕТКЕ %-БЕН ЕСЕПТЕЛЕДІ |
| Санат | Сынып | Кіші сынып | Ерекшелігі | Республикалық бюджет | Жергілікті бюджеттер | Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты |
| Облыстық бюджет | Республикалық маңызы бар қала, астана | Аудан, облыстық маңызы бар қала |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| Салықтық түсімдер | 1 | | | | | | | | |
| Табыс салығы | 1 | 01 | | | | | | | |
| Корпоративтік табыс салығы | 1 | 01 | 1 | | | | | | |
| Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, резидент заңды тұлғалардан алынатын корпорациялық табыс салығы | 1 | 01 | 1 | 01 | 100 | | | | |