«2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық Маслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10-3 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 15-3 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық Мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1859 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 желтоқсанда № 166 «Ақ жол» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақшада:
«147 026 018» сандары «148 781 776» сандарымен ауыстырылсын;
«132 128 659» сандары «133 884 417» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
«147 943 003» сандары «149 698 761» сандарымен ауыстырылсын;
4 - тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) жергілікті атқарушы органдардың штат санын ұлғайтуға».
Аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2013 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Облыстық Мәслихаттың сессия төрайымы | Г. Тлеубердиева |
Облыстық Мәслихаттың хатшысы | Б. Қарашолақов |
Жамбыл облысы Мәслихатының
2013 жылғы 4 шілдедегі
№ 15-3 шешіміне қосымша
Жамбыл облысы Мәслихатының
2012 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 10-3 шешіміне 1 - қосымша
2013 жылға арналған облыстық бюджет
Санаты Атауы | Сомасы, мың теңге |
| Сыныбы |
| | Ішкі сыныбы |
| 1 | | 2 | 3 |
| | | 1. Кірістер | 148 781 776 |
1 | | | Салықтық түсімдер | 14 251 625 |
| 01 | | Табыс салығы | 7 193 975 |
| | 2 | Жеке табыс салығы | 7 193 975 |