2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10-3 шешімі
(2013.15.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 4 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8 бабына және «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Жамбыл облыстық мәслихатының 2013.27.03. № 11-6 шешімімен (2013 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.15.05. № 13-2 шешімімен (2013 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 147 026 018 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 14 251 625 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 639 734 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 6 000 мың теңге;
трансферттер түсiмі - 132 128 659 мың теңге;
2) шығындар -147 943 003 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 1 999 670 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 2 723 196 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 723 526 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 197 007 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 25 000 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -3 113 662 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3 113 662 мың теңге.
2. 2013 жылы облыстық бюджеттен аудандық және қалалық бюджеттерге берілетін субвенция мөлшері 42 623 591 мың теңге сомасында белгіленсін:
Байзақ ауданына - 3 793 168 мың теңге;
Жамбыл ауданына - 3 750 041 мың теңге;
Жуалы ауданына - 3 372 458 мың теңге;
Қордай ауданына - 4 628 308 мың теңге;
Меркі ауданына - 3 603 050 мың теңге;
Мойынқұм ауданына - 1 980 138 мың теңге;
Сарысу ауданына - 2 920 498 мың теңге;
Талас ауданына - 2 751 998 мың теңге;
Т.Рысқұлов ауданына - 2 899 317 мың теңге;
Шу ауданына - 4 083 469 мың теңге;