Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республика Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 386 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлттық Банк Төрағасы | Г. Марченко |
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 386 қаулысымен
бекітілген
Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу
қағидалары
Осы Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
1. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу (бұдан әрі - есептік тіркеу) - микроқаржы ұйымдарын Заңның 14-бабына және Қағидаларға сәйкес микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізу.
2. Микроқаржы ұйымы есептік тіркеуден өту үшін микроқаржы ұйымының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалына (бұдан әрі - Филиал) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: