Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Польша Республикасы Үкіметі арасындағы поляк тауарларын сатып алуға арналған несие беру туралы келісім (Алматы қ., 1994 жылы 21 қыркүйекте)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 21 сентября 1994
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 21 сентября 1994

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Польша Республикасы Үкіметі арасындағы
 поляк тауарларын сатып алуға арналған несие беру туралы
келісім
(Алматы қ., 1994 жылы 21 қыркүйекте)

 

ҚР Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 661 Қаулысымен бекітілді

 

Екi жақ Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Польша Республикасы Үкіметі арасындағы 1992 жылғы 14 қазанда жасалған сауда-өндiрiстiк, ынтымақтастық жөніндегі келісімге сүйенiп, сондай-ақ Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамуына ерекше зор мән бере отырып, мына төмендегiлер туралы келiстi.

 

 

1-бап

 

Польша Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметіне осы келісімде айқындалған шарттармен 30 миллион АҚШ долларының мөлшерiнде екi бөлiктi несие бередi;

10 миллион АҚШ доллары техникалық өнiмдер мен халық тұтынатын тауарлардың жеткiзiлiмiн қаржыландыру үшiн, 20 миллион АҚШ доллары инвестициялық проекттерге арналған жеткiзiлiмiн қаржыландыру үшiн, осы Келісім белгiленген шарттар бойынша.

 

 

2-бап

 

Осы Келісімнiң шеңберiнде Қазақстан Республикасына өндiрiстiк техникалық өнiмдер мен халық тұтынатын тауарлар және инвестициялық проекттерге арналған поляк тауарлары жеткiзiлiп тұратын болады. Жеткiзiлiмi әрбiр елдiң заңдары мен халықаралық саудада қазiр қолданылып жүрген практикаға сәйкес Польша Республикасы мен Қазақстан Республикасының құзырлы органдарының өкiлдерi болып табылатын шаруашылықты жүргiзушi субъектiлер жасасқан келісім-шарттар негiзiнде жүзеге асырылып отыратын болады.

 

 

3-бап

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі берiлген несиенi осы Келісімде айқындалған шарт пен мерзiмге сәйкес несие валютасымен өтеуге кепiлдiк бередi.

Несиенi өтеу жүзеге асырылады:

а) өндiрiс-техникалық өнiмдер мен халық тұтынатын тауарлар жөнiнде - 10 миллион АҚШ доллары сомасына - үш жыл iшiнде. Несие өтелуiнiң басты мерзiмi болып Польшадан Қазақстанға тауар жеткiзудiң аяқталу мерзiмi саналады, несиенiң бiрiншi бөлiгiн пайдалана бастаған жылдан бастап кешiктiрмей.

Проценттiк ставка ЛИБОР ставкасының негiзiнде алты айлық депозиттер үшiн АҚШ долларымен есептелiп отыратын болады.

Проценттер несиенi пайдаланған күндерiн нақтысының негiзiнде жиналған қарыздың сомасына, бiр жылда 360 күн бар екендiгi есепке алына отырып, есептеледi.

Несие алушы несие берушiге проценттердi алты айлық мерзiм бойынша есептеп төлеп отырады. Негiзгi қарызды өтеу және проценттердi төлеу бiр уақытта жүзеге асырылады.

б) инвестициялық проекттерге арналған тауарлар жөнiнде - 20 миллион АҚШ доллары сомасына - Польшадан Қазақстанға тауарлар жеткiзудi аяқтау жылын еске ала отырып, мерзiмiн бiр жылға ұзартумен бес жыл iшiнде. Есептеу шарттары мен проценттер төлеу, сондай-ақ негiзгi қарызды өтеу а) тармағына ұқсас.

в) басқа шығындар мен комиссиялар тiкелей банктер арқылы айқындалатын болады.

 

 

4-бап

 

Осы Келісімнiң банктiк қызметiн мыналар жүзеге асырады:

- Центрбанк,

- Варшавадағы С.А.Хандлев банкi.

Өкiлеттi банктер осы Келісімнiң негiзiнде банкаралық Келісім жасайды.

 

 

5-бап

 

Жеткiзiлiмдi жүзеге асырумен байланысты шығындар (сақтандыру, көлiк экспедиция, кедендiк операциялар) несие шеңберiнде қаржыландырылатын болады.

 

 

6-бап

 

1-бапта ескертiлген несие Қазақстан Республикасы Үкіметі оның өтелуiне кепiлдiк бергеннен соң және 4-бапта көрсетiлген банктер арасындағы келісімдер жасалғаннан кейiн ашылады.

 

 

7-бап

 

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Польша Республикасы Үкіметінiң арасындағы осы Келісімнiң қаулысын сақтаудың түсiндiрiлуiне қатысты даулар дипломатиялық жолмен шешiлетiн болады.

Егер дау басталғаннан кейiн алты ай iшiнде келісімге қол жетпесе Стокгольмдегi Сауда Палатасы Төрелiк институтының процедура Жарғысына сәйкес дау шешiлу үшiн Төрелiк трибуналға тапсырылады.

 

 

8-бап

 

Осы Келісім екi Үкiметтiң бекітуiне жатады, бұл тиiстi ноталар алмасу арқылы расталатын болады.

Неғұрлым кешеуiлдетiп жiберiлген нотаны алған күн осы Келісімнiң күшiне енген датасы болып саналады.

 

 

9-бап

 

Осы Келісім өзiнiң барлық қаулылары толығымен орындалған сәтке дейiн өз күшiн сақтайды.

Осы Келісім Алматы қаласында 1994 жылы 21 қыркүйекте екi дана, әрқайсысы қазақ, поляк және орыс тiлдерiнде жасалды және үш текстiнде күшi бiрдей.

Бұл текстердi түсiнуде пiкiр алшақтығы туған жағдайда орыс тiліндегі текст шешушi деп саналады.

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң өкiлдiк

тапсырмасы бойынша

Польша Республикасы

Үкіметінiң өкiлдiк

тапсырмасы бойынша

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами