Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлуге жататын мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу қағидаларын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 тамыздағы № 799 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 623 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Әлеуметтік маңызы бар қызметтердің өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 14 қарашадағы № 1334 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 41-құжат);
2) «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлуге жататын мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1503 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 7, 140-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 6 тамыздағы
№ 799 қаулысымен
бекітілген
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын
мемлекеттік қызметтерді іріктеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер