Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 1999 Ж. 03 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 280 Ж...

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығы

(2012.21.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 16 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже;

2) Агенттіктің құрылымы бекітілсін.

2. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы Агенттіктің аумақтық органдары қосымшаға сәйкес құрылсын.

ҚР Президентінің 2005.14.10 № 1660 Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Агенттік Төрағасының екі орынбасары, соның ішінде бір бірінші орынбасары болады деп белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде:

1) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы» мемлекеттік мекемесін құрсын;

2) Агенттік пен оның аумақтық органдарының қызметін қаржыландыруды республикалық бюджетте көзделген қаржының есебінен қамтамасыз етсін;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;

4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.

5. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Агенттік бір ай мерзімде Мемлекет басшысының бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыныс енгізсін.

6. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері Агенттіктің аумақтық органдарының ұйымдық-техникалық мәселелерін шешуде жәрдем көрсетсін.

7. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері» туралы 1998 жылғы 12 қарашадағы № 4141 өкімінің (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж, № 40, 361-құжат) күші жойылған деп танылсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом