Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 18 шілдедегі № 246 Қаулысы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 256 Қаулысымен күші жойылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10-бабының 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С. Ескендіров |
Облыс әкімдігінің
2013 жылғы 18 шілдедегі
№ 246 қаулысымен бекітілген
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының және (немесе) учаскелерінің
тізбесі
№ | Cу тоғаны және (немесе) учаскесі | Алаңы, гектар | Орналасқан жері |
Айыртау ауданы |
1 | Аралтөбе өзендегі № 1 тоған | 4 | Новосветловка селосының оңтүстік-шығысына қарай |
2 | Баян көлі | 956 | Кирилловка селосының шығысына қарай 14 километр |
3 | Жақсы Жалғызтау көлі | 4128 | Жақсы Жалғызтау селосының оңтүстік-батысына қарай |
4 | Жаркент көлі | 88 | Светлое селосының оңтүстік-батысына қарай 10 километр |
5 | Жетікөл көлі | 1060 | Качиловка селосының оңтүстігіне қарай 9 километр |
6 | Крутое көлі | 80 | Лавровка селосының батысына қарай 1 километр |
7 | Құспек көлі | 744 | Ақан селосының солтүстік-шығысына қарай |
8 | Құрқарағаш өзендегі № 1 тоған | 25 | Новосветловка селосының оңтүстік-батысына қарай |
9 | Шабақты көлі | 162 | Лобаново селосының оңтүстігіне қарай 4 километр |
Ақжар ауданы |
1 | Ащысу өзені | 20 | Ащыкөл селосының солтүстігіне қарай 2 километр |
2 | Горьков бөгеттері | 160 | Горьковское селосынын онтүстік -батысына қарай 2,5 километр |