Реттелетін нарық салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 1 шілдедегі № 199-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 125/НҚ бірлескен бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 462 бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған реттелетін нарық салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою жұмысы департаменті (А.Т. Аламан):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә. Алпысбаевқа жүктелсін.