Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы шарт (Алматы қ., 1998 жылғы 12 қазанда)

Информация о документе
Датапонедельник, 12 октября 1998
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 12 октября 1998

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы 1998-2007 жылдарға
арналған экономикалық ынтымақтастық туралы
шарт
(Алматы қ., 1998 жылғы 12 қазанда)

 

ҚР Президентінің 1999 жылғы 24 ақпандағы № 71 Жарлығымен бекітілді

1999 ж. 23 наурызда күшіне енді

 

Бұдан былай Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,

1992 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартты, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырға бағдарланған мәңгiлiк достық пен одақтастық туралы декларацияны жәнe 1998 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Президентi мен Ресей Федерациясы Президентінің Бiрлескен мәлiмдемесiн басшылыққа ала отырып,

мемлекетаралық интеграция экономикалық дамудың аса маңызды элементтерiнiң бiрi болып табылатынын ескере отырып,

өз елдерiнiң әлеуметтiк-экономикалық даму мақсаттарына қол жеткiзу үшiн халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң, өндiрiстi мамандандырудың және кооперациялаудың, өзара тиiмдi сауданың артықшылықтарын пайдалана отырып,

тең құқықты әрi өзара тиiмдi сауда-экономикалық және өндiрiстiк қатынастарды одан әрi нығайтып, дамыту, оларға ұзақ мерзiмдi де тұрақты сипат беру, екi мемлекеттiң экономикалық әлеуетiн тиiмдi пайдалану және өз халықтарының әл-әуқатын арттыру қажеттілігiн негiзге ала отырып,

экономикалық реформаларды жүзеге асыруды үйлесiмдi етуге тауарлардың, қызмет көрсетулердiң, капитал мен жұмыс күшiнiң емiн-еркiн қозғалысына кезең-кезеңiмен көшу үшiн жағдайлар туғызуға зор маңыз бере отырып,

Төуелсiз Мемлекеттер Достастығы мен Кеден одағы шеңберіндегі уағдаластықтар негiзiнде практикалық тұрғыдағы өзара iс-қимылды ескере отырып,

төмендегiлер туралы уағдаласты:

 

 

1-бап

 

Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын (бұдан былай - Бағдарлама деп аталады) жүзеге асырады.

 

 

2-бап

 

Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың экономикалық ыңтымақтастығы халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей принциптерi мен нормаларына, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қатысатын халықаралық шарттарға және ұлттық зандардың ережелерiне сәйкес меншiк нысандары мен бaғыныстылығына қарамастан екi мемлекеттiң шаруашылық жүргiзушi субьектiлерi арасындағы екі жаққа да тиімді өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асырылады.

Ортақ экономикалық кеңiстiктi кезең-кезеңiмен қалыптастырудың әрi дамытудың қажеттiгiн мойындай отырып, Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар әлеуметтiк-экономикалық қайта жаңғыртулардың, экономика саласындағы нормативтiк-құқықтық базаны жақындастырудың, кооперацияны дамыту мен екi мемлекеттiң аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда инвесторларға жәрдем көрсетудiң, бiрлескен өндiрiстiк құрылымдар құрудың, Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес жекешелендiруге өзара бiрлесiп қатысудың негiзгi багыттарын келiсу үшiн қолайлы жағдайлар жасайтын болады.

 

 

3-бап

 

Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың Үкiметтерi Бағдарламаны орындауды үйлестiрiп, оны жүзеге асыруға кезең-кезеңiмен бақылау жасайтын болады және қажет болған жағдайда оған түзетулер енгiзетiн болады.

 

 

 

4-бап

 

Бағдарламаның орындалу барысы Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың Үкімет Басшылары деңгейінде кемiнде жылына бiр рет қаралады.

 

 

5-бап

 

Осы Шарттың ережелерiн түсiндiру мен қолдануға қатысты даулар консультациялар және келiссөздер арқылы реттеледi.

 

 

6-бап

 

Бағдарламаға өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар Бағдарламаның ажырамас бөлiгi болып табылатын және осы Шарт сияқты тәртiппен күшiне енетiн үкiметаралық хаттамалармен ресiмделедi.

 

 

7-бап

 

Осы Шарт Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың өзге халықаралық шарттарынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiне ықпал етпейдi.

 

 

8-бап

 

Осы Шарт Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың Шарттың күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағанын растайтын соңғы жазбаша хабарламадағы күннен бастап күшiне енедi және 2007 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданыста болады.

Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарапқа жазбаша хабарлама жасау арқылы осы Шарттың қолданысын тоқтата алады. Мұндай жағдайда Шарт осындай хабар алынған күннен бастап алты айдан соң өзінiң күшiн тоқтатады.

Ocы Шарт күшiнiң тоқтатылуы Бағдарламаға cәйкec қолға алынған жобаларды жүзеге асыруға ықпал етпейдi.

 

Алматы қаласында 1998 жылғы 12 қазанда әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерінде екi дана болып жасалды және де екi мәтiннiң күшi бірдей.

 

Қазақстан Республикасы

үшiн

Ресей Федерациясы

үшін

 

 

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының
1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық

бағдарламасы

(Алматы қ., 1998 жылғы 12 қазанда)

 

Қол қойылған күннен бастап күшіне енді

 

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өзара экономикалық мүдделерi екі мемлекет экономикасының көптеген салаларының арасында тарихи қалыптасқан өндiрiстiк және ғылыми- техникалық байланыстарға әрi оларды екi жаққа да тиiмдi және тең құқықтық негiзде сақтау мен одан әрi дамытудың обьективтi қажеттiлiгiне негiзделген.

Қазақстан Рсспубликасы мен Ресей Федерациясының бiрқатар бiрлескен экономикалық проблемалары мемлекеттердің Кеден одағына қатысуы шеңберiнде шешiледi. Сонымен қатар бұл процестi екi жақты экономикалық қатынастарды дамыту жолымен жандандыру әрi тереңдету талап етіледi.

Осы жұмысты бiрлесiп жүргiзу үшiн l992 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт, I996 жылғы 27 сәуірдегі Бiрлескен Қазақстан-Ресей (Алматы) декларациясы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы XXI ғасырға бағдарланған мәңгiлік достық пен одақтастық туралы декларация және l998 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Президентi мен Ресей Федерациясы Президентiнің Бiрлескен мәлiмдемесi негiз болып табылады. Аталған қүжаттардың ережелерінің негiзiнде осы Бағдарлама әзiрлендi.

 

I. Қазақстан-Ресей экономикалық ынтымақтастығының жай-күйі

 

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының экономикасындағы түбiрлi өзгерістер - шаруашылық және кооперациялық байланыстардың әлсiреуiмен, өндiрiс көлемдерiнің айтарлықтай құлдырауымен және өзара тауар айналысының терең сипатта қысқаруымен қатар жүріп отырды.

Көптеген кәсiпорындарды қамтыған қаржылық дағдарыс, өзара есеп айырысу жүйесiнiң жетiлдiрiлмеуi, салық салу жүйесiнiң үйлесімсіздігі жағдайында тауар айналымының құрылымы нашарлады және экспорттық- импорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде баспа-бас айырбасты қолдану өстi.

Екi жақты экономикалық ынтымақтастықта отын-энергетика, тау-кен металлургия кешенi, машина жасау және химия өнеркәсiбi салаларында бұрын қалыптасқан кәсiпорындардың мамандандырылуы, сондай-ақ қаржы және инвестициялық ресурстарды жұмылдыру, бiрлескен өндiрiстiк құрылымдарды құру мүмкiндiктерi әлсiз пайдаланылады.

Өзара мүдделiлiк бiлдiрiлуi жағдайында қазақстандық және ресейлiк шаруашылық жүргізушi сyбьектiлердiң екi мемлекеттің аумақтарында орналасқан, ең алдымен мұнай өңдеу, энергетика, қара және түстi металлургия сияқты салалардағы кәсiпорындарды акционерлендiру дамымай отыр.

Өнiмнiң әр алуан түрлерiн өндiру, оның iшiнде iргелi зерттеулер жүргiзудiң техникалық тұрғыдан күрделi және ғылыми қамтымды саласында өзара мүдделiлiк бiлдiрiлетiн проблемаларды шешуге бағытталған мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларды әзiрлеуге және жүзеге асыруға байланысты мүмкiндiктер пайдаланылмайды. Бағдарлама да ocындай мақсатты көздейдi.

 

II. Бағдарламаның негізгі мақсаттары мен міндеттері

 

Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өзара тиiмдi экономикалық байланыстарын дамыту жөніндегі келісілген шаралар кешенiн ұзақ мерзiмдi негiзде жүзеге асыруды қамтамасыз ету, екi ел экономикасының жетекшi салаларындағы кәсiпорындардың өндiрiстiк ынтымақтастығын елеулi түрде алға апаруға қол жеткiзу және осылардың негiзiнде өзара тауар айналымын ұлғайту мақсатында әзiрлендi.

Осы Бағдарламаның негiзгi мақсаттары Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы халықтарының тұрмыс деңгейiн көтеру және екi мемлекет халықтарының мәдени мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып табылады.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшiн мынадай мiндеттердi:

екi мемлекет экономикасын көтеруге баыттталған экономикалық ынтымақтастықты тұрақты дамытуды қамтамасыз етудi;

институционалдық қайта жаңғыртуды жүзеге асыруда, барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн тең мүмкiндiктер мен кепiлдiктердi қамтамасыз етуде, адал бәсекелестiк үшiн жағдайлар туғызуда, табиғи монополиялардың қызметiн реттеуде өзара iс-қимыл жасауды;

екi мемлекеттiң экономикасын құрылымдық қайта құруға қатысты тұжырымдамалық көзқарастарды тоқайластыруды, өндiрiстiң өсуi үшiн ынталандыру шараларын туғызуды, оның дамуына инвестициялар салуды, ғылым мен озық технологиялардың жаңа жетiстiктерiн енгiзудi, шығарылатын өнімдердің сапасын және бәсекелестiкке қабiлеттiлiгiн арттыруды;

мемлекетаралық және аймақаралық ынтымақтастықты дамытудың басымдық берiлетiн бағыттарын мемлекеттік қолдаудың жүйесiн құруды, мемлекеттер арасындағы төлем төлемеудiң проблемаларын шешудi және сауда-төлем қатынастарының төпе-теңдiгiн қамтамасыз етудi;

мақсатты мемлекетаралық жобаларды және экономикалық ынтымақтастық бағдарламаларын қалыптастыруды, мемлекетаралық (трансұлттық) қаржы- өнеркәсiптік топтарының бiрлескен интеграциялық қүрылымдарын құруды;

еңбек және интеллектуалдық әлеуетті сақтау мен дамытуды;

көлік коммуникациясы мен байланыс саласында қазiргi бар инфрақұрылымды өзара қолайлы әрi тиiмдi пайдалануды қолдау жүйесiн құруды және оны одан әрi дамытуды;

қор рыноктарын және сақтандыру қызметiн көрсететiн рынокты дамыту мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасауды;

ортақ ақпарттық кеңiстiктi қалыптастыруды және жетiлдiрудi шешу қажет.

 

III. Экономикалық ынтымақтастықты дамыту

 

Осы Бағдарламаны жүзеге асыру мемлекеттердiң экономикалық интеграциясын одан әрi дамытуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi, мұның өзi тұтас алғанда Кеден одағы мен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға да жәрдемдеседi.

Бағдарламалық iс-шараларды мынадай бағыттар бойынша жүзеге асыру ұсынылады: экономикалық ынтымақтастықтың ортақ мәселелерi және қызметтiң жекелеген салаларындағы ынтымақтастық.

Тараптардың iс-қимылын үйлестiру көзделетiн экономикалық ынтымақтастықтың ортақ мәселелерiне мыналар:

бiрлескен шаруашылық жүргiзушi құрылымдарды құру саласында нормативтiк-құқықтық негiздi үйлестiру және бiр iзге салу келісілген баға саясатын жүргiзу;

ақша-несие саясаты, иивестициялар, қор рыногы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерiнде өзара iс-қимылды тереңдету;

екi мемлекеттің экономикасын құрылымдық қайта құруға қатысты тұжырымдамалық көзқарастарды жақындастыру жатады.

Келісілген құрылымдық саясатты жүргiзy шеңберiнде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы жүзеге асыруға тиiстi қайта жаңғыртулар қазiргi бар өндiрiстiк әлеуеттi мейлiнше сапалы қайта құруға байланысты және екi мемлекеттiң де мүдделерiн көздейдi.

Осыған байланысты Тараптар құрылым құрайтын өндірісті бiрлесiп құру мен дамыту туралы, осы өндiрiстердi қажеттi ресурстармен қамтамасыз етуге үлестiк қатысудың және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы кәсiпорындары арасындағы өзара тиiмдi өндiрiстік тiкелей байланыстарды дамытудың жолдары мен нысандары туралы ұсыныстарды қарайтын болады.

Келісілген құрылымдық саясатты практикалық тұрғыдан жүзеге асыру үшiн мемлекетаралық (бiрлескен) жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеу мен жүзеге асыруды қолға алу көзделуде.

Қызметтiң жекелеген салаларындағы ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары отын-энергетика мен агроөнеркәсiп кешендерi, металлургия, машина жасау көлiк саласындағы салааралық ынтымақтастық болып табылады.

Әскери-экономикалық ынтымақтастық, ғарыш кеңiстiгiн зерттеу саласындағы өзара iс-қимыл, сондай-ақ «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен әскери сынақ полигондарын пайдалану да ескеріледi.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ғылыми әлеуетiн тиiмдi пайдалану мақсатында ғылыми, жобалық және конструкторлық- технологиялық ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру маңызды бағыт болып табылады.

Денсаулық сақтау жөне санитарлық-эпидемологиялық жағдайды жақсарту, дәрi-дәрмектік препараттар мен медициналық техника өндiрiсi саласында өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамытудағы күш-жiгердi үйлестiру жүзеге асырылатын болады;

Сауда-экономикалық ыитымақтастықты жүзеге асыру қажеттi статистикалық ақпаратты белсендi түрде алмасуды көздейдi. Статистикалық басылымдармен және жарияланымдармен, әдiстемелiк материалдармен алмасу, сыртқы сауда статистикасын қалыптастырудың принциптерiн келiсу қарастырылатын болады.

Тауарлар мен қызмет көрсету рыноктарындағы сұраныс пен ұсыныстың жай-күйi туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының бiрлескен ақпараттық жүйесiн құру жөніндегi ұсыныстарды әзiрлеу жоспарлануда.

Азаматтарды әлеуметтiк қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, еңбек шарттары, түрлi салалар үшiн бiліктiлiгi жоғары кадрларды даярлау, мамандар, ғалымдар, асспиранттар, стажерлар және студенттер алмасу салаларында, сондай-ақ мәдениет пен өнер, дене тәрбиесiнiң мәдениетi, спорт, санаториялық-курорттық iс пен туризм саласында өзара iс-қимыл жасаудың ортақ проблемаларын шешу үшiн нормативтiк-құқықтық негiздi одан әрi жетiлдiру көзделуде.

Айнала ортаның жай-күйiн қорғау мен жақсарту, шекаралас аймақтардың ластануына жол бермеу, табиғат пайдалануды ұтымды және ресурстарды үнемдейтiндей сипатта жүргiзу салаларында ынтымақтастық одан әрi дамитын болады.

Қалыптасқан аймақаральқ шаруашылық байланыстарды, оларда тұратын халықтардың әдет-ғұрпы мен рухани құндылықтарын ескере отырып, осы аумақтардың әлеуметтiк-экономикалық тұрмысын жақсарту үшiн қолайлы жағдайлар жасаудың маңызды бағыты болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аймақаралық, оның iшiнде шекаралық облыстарының ынтымақтастығы дамытылуы тиiс.

 

IV. Бағдарламаны жүзеге асыруды басқару

 

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Бiрлескен үкiметаралық комиссияның шеңберiнде осы Бағдарламаны жүзеге асыруды үйлестiру мақсатында Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі Yйлестiру кеңесi (бұдан былай - Yйлестiру кеңесi деп аталады) және Бағдарламаның негiзгi бөлiмдерiн жүзеге асыру жөніндегі жұмыс топтары құрылады.

Yйлестiру кеңесi қазақстандық жөне ресейлiк бөлiктерден тұрады, олардың әрқайсысын тиiстi Тараптың үкiмет басшысы тағайындайтын Tөpaғa басқарады.

Yйлестiру кеңесiнiң құрамына қазақстандық және ресейлiк Тараптардың жұмыс топтарының басшылары енедi.

Үйлестiру кеңесiнiң отырысы қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кем дегенде жылына бiр рет Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясында алма-кезек өткiзiледi. Yйлестiру кеңесiнiң отырысына қабылдаушы Тараптың төрағасы төрағалық етедi.

Үйлестiру кеңесiнiң негiзгi функцияларына:

ұлттық бөлiктерi шеңберiнде осы Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегі қызметтi үйлестiру;

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегi Бiрлескен үкiметаралық комиссияның отырысында қаралатын, осы Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың жыл сайынғы жоспарын және Бағдарламаның орындалу барысы туралы баяндамаларды әзiрлеудi ұйымдастыру;

Осы Бағдарламаны орындауды жүзеге асыру мен үйлестiруге байланысты мәселелер бойынша үкiметаралық келісімдердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;

Осы Бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты жекелеген проблемаларды Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Бiрлескен үкiметаралық комиссиясының отырыстарында қарау үшiн әзiрлеу;

Yйлестiру кеңесiнiң регламентiмен айқындалатын өзге де функциялар жатады.

Үйлестiру кеңесiнiң регламентi 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикаасы мен Ресей Федерациясы арасындағы шарттың күшiне енген күнiнен бастап 60 күннен кешiктiрілместен Yйлестiру кеңесiнiң отырысында қаралады және бекітіледi.

 

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы
1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастықтың
бағдарламасына байланысты
іс-шаралар

 _________________________________________________________________________

|     |                                   |   Қазақстан   |     Ресей     |

|  N  |       Іс-шаралардың мазмұны       |  Республикасы |  Федерациясы  |

| р/с |                                   |жағынан атқару.|жағынан атқару.|

|     |                                   |     шылар     |     шылар     |

|_____|___________________________________|_______________|_______________|

|     |Экономикалық ынтымақтастықтың жалпы|               |               |

|     |мәселелері                         |               |               |

| 1.  |Мыналар бойынша ұсыныстар дайындау:|               |               |

|     |                                   |               |               |

|1.1  |бірлескен шаруашылық жүргізуші құ. |Әділетмині,    |Экономикамині  |

|     |рылымдар құру саласында мемлекет.  |ЭИСМ           |               |

|     |тердің заң және басқа да норматив. |               |               |

|     |тік актілерін үйлестіру            |               |               |

|     |                                   |               |               |

|1.2  |келісілген баға саясатын жүргізу:  |               |               |

|     |                                   |               |               |

|1.2.1|табиғи монополиялардың қызметін    |ТМРК,          |Қаржымині,     |

|     |реттеу мәселелері бойынша заң және |Қаржымині, ЭИСМ|Экономикамині  |

|     |нормативтік-әдістемелік базаларды  |               |               |

|     |бір ізге салу                      |               |               |

|     |                                   |               |               |

|1.2.2|бағаларды (тарифтерді) мемлекетіші.|Әділетмині,    |Экономикамині, |

|     |лік реттеу жүзеге асырылатын өнім. |ЭИСМ, ТМРК     |Өнеркәсіпсауда.|

|     |дердің (қызмет көрсетулердің) тіз. |               |мині           |

|     |бесін келісу                       |               |               |

|     |                                   |               |               |

|1.2.3|тиісті талдаулық байқаулар жүргізу |ҰСА, ЭИСМ      |Қаржымині,     |

|     |үшін өнімдердің негізгі түрлерінің |               |Экономикамині  |

|     |келісілген тізбесі бойынша бағалар.|               |               |

|     |дың динамикасы туралы ақпараттар   |               |               |

|     |алмасуды жүзеге асыру              |               |               |

|     |                                   |               |               |

|1.3  |бірлескен инвестициялық жобаларды  |ЭИСМ, Ауылша.  |Экономикамині, |

|     |әзірлеу                            |руашылығымині, |Өнеркәсіп сау. |

|     |                                   |Көліккоммині,  |дамині, Отын   |

|     |                                   |БМДМ,          |энергетикамині,|

|     |                                   |Меминвестком   |Ауылшаруашылығы|

|     |                                   |               |өнімдермині,   |

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами