Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесі туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 16 мамырдағы № 149-НҚ бұйрығы
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысымен бекітілген кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ереженің 4, 5-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің қоса беріліп отырған құрамы (бұдан әрі - Сараптамалық кеңес) бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасы бұйрықтарының күші жойылсын.
3. Сараптамалық кеңес өз функцияларын жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысымен бекітілген Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені басшылыққа алсын.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес мүшелерінің назарына жеткізсін;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық кол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2013 жылғы 16 мамырдағы
№ 149 НҚ бұйрығына
1-қосымша