Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2013.25.02 № 73 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 73 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 26 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

2. Екінші деңгейдегі банктер Қағидалардың 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген фактордың 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша болжамды есептеуін жасайды.

Қағидалардың 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген фактор анықталған жағдайда, екінші деңгейдегі банктер 2013 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне Қағидалардың 4-тармағына сәйкес банктің қаржылық тұрақтылығын көтеру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және оның қызметімен байланысты тәуекелдердің өсуін болдырмау бойынша ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын ұсынады.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 380 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8322 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом