Введите номер документа
Прайс-лист

«Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 186 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 26 июля 2013
Статус
Утратил силу
утратил силу с 23 апреля 2014

Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 186 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 24 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

2. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы:

1) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын инвестициялық портфельге, ол бойынша осы қаржы құралдары оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қабылдаған күнге жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерде ескерілетін және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы № 109 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3603 тіркелген) бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесіне сәйкес қалыптастырылған ағымдағы құны бойынша қабылдасын;

2) Қағидаларға сәйкес зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру графигіне сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша бірінші жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру басталған күннен кейінгі күннен бастап жүзеге асырсын.

3. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Ұлттық Банк

 Төрағасы

 

Г. Марченко

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом