Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 36 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 14 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерде мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы
№ 36 қаулысымен
бекітілген
Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында арналған субсидиялау қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) мал шаруашылығы өнiмiн өндiрудi ұлғайту, оның сапасын және бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi (бұдан әрi - тауар өндiрушiлер) қолдау мақсатында тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат және іс-шаралар есебінен және шегінде бюджеттік субсидиялар (бұдан әрi - субсидиялар) беру тәртiбiн айқындайды.
2. Субсидиялауға жататын бағыттар: