Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 маусымдағы № 591 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 18 қыркүйекте және 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 10 маусымдағы
№ 591 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 31, 269-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртібінде:
23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Жол органдарынан инженерлік коммуникацияларды төсеуге рұқсат алу үшін осы жұмыстарды жүргізетін ұйым:
1) осы Тәртіпке 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтінішті;
2) белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген жобалау құжаттамасын;
3) жол белгілері мен қоршауларды және жұмыс жүргізілетін орындардың схемасын;
4) жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік кестесін;
5) инженерлік коммуникацияларды төсеу жұмыстарын жүргізетін ұйымның өкілі жүгінген кезде - уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжатты ұсынады.»;
23-1 және 23-2-тармақтар алынып тасталсын;
23-3-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Тәртіпке 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтінішті;»;
2) тармақша алынып тасталсын;