«Түзеу колонияларының республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 18 ақпандағы № 117 Қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
«Түзеу колонияларының республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 18 ақпандағы № 117 Қаулысы
1. Қосымшаға сәйкес түзеу колонияларының шаруашылық жүргiзу құқығында республикалық мемлекеттiк кәсiпорындары (бұдан әрi - кәсiпорындар) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жанындағы Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асырушы уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жанындағы Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi белгiленген тәртiппен кәсiпорындардың жарғылық капиталын қалыптастырсын, жарғыларын бекiтсiн және оларды мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.