Спортшылар үшін төрт жылдық (олимпиадалық) кезеңге біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2013 жылғы 23 тамыздағы № 303 бұйрығы
ҚР мәдениет және спорт министрлігінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығымен күші жойылды
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының бірінші бөлігінің 22-1 бабының 1-тармағынбұйырамын:
1. Спортшылар үшін төрт жылдық (олимпиадалық) кезеңге біліктілік талаптарын бекітілсін:
2. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү.Қамзебаева):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Баспасөз хатшысы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК (П.Н. Қырықбаев) Қазақстан Республиканың спортшылар үшін төрт жылдық (олимпиадалық) кезеңге біліктілік таранын 1000 дана етіп басып шығарсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мазмұны
I-тарау. Құрметті атақ
ІІ-тарау. Бөлім. Жазғы олимпиадалық спорт түрлері
Бадминтон
Баскетбол
Бокс
Грек-рим, еркін және әйелдер күресі
Велосипед спорты (тас жолдағы жарыс)
Велосипед спорты (тректегі)
Велосипед спорты (маунтинбайк)
Су добы
Волейбол
Жағажай волейболы
Қол добы
Гольф
Регби
Сорттық гимнастика
Көркем гимнастика
Батутта және акробатикалық жолда секіру
Академиялық есу
Байдарка мен каноэде есу
Слалом және байдарка мен каноэде есу
Дзюдо
Ат спорты
Жеңіл атлетика
Желкенді қайық спорты
Суға секіру
Жүзу
Үйлесімді жүзу