«Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитетінің «Мемэнергиясараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 91 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитетінің «Мемэнергиясараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен, оны «Қазақэнергиясараптама» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қоғамның жарғысын бекітсін;
2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 23 қаңтардағы
№ 91 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: