Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 642 бұйрығы
(2011.04.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 13 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 11-бабының 6-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаменті (Б.К. Тәшенов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 642 бұйрығымен
Бекітілген
Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау
ережесі
Осы Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 6-тармақшасына сәйкес әзірленген және Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдаудың тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Шарт талаптарын орындау нәтижесінде туындаған Концессия объектілері құрылған сәттен бастап және кейіннен осы объектілердің концессионері пайдаланатын концессия объектілері мемлекеттік меншікке берілуге жатады.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
концессия - концессия шарты бойынша мемлекеттік меншiк объектiлерiн жақсарту және тиiмдi пайдалану мақсатында уақытша иеленуге және пайдалануға беру, сондай-ақ концессионердiң қаражаты есебiнен мiндеттi түрде қаржыландыра отырып және мемлекетке бере отырып, концессионерге иелену, пайдалану және билiк ету құқығын берiп, не онсыз, жаңа объектiлердi концессионер қаражаты есебiнен құру (салу) құқықтарын беру;