Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 22.01.03 Ж. № 72 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Акцизделетiн өнiм өндiрiсi мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетiн тарату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 22 қаңтардағы № 72 қаулысы

(2012.07.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығы 3-тармағының 2) тармақшасын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiсiн және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берiле отырып, таратылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен таратылған Комитеттiң мүлкiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берудi қамтамасыз етсiн.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.

4. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.

5. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 38 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 3, 13-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы № 1773 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, № 49-50, 578-құжат).

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом