Ақмола облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 5С-8-2 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 5С-17-2 шешімі
Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 2-1-683 Хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 5С-8-2 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3551 тіркелген, 2013 жылдың 10 қаңтарында «Арқа ажары» газетінде, 2013 жылдың 10 қаңтарында «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 122 433 359,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 13 589 360,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 878 076,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 2 506,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 107 963 417,6 мың теңге;
2) шығындар - 123 646 999,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 1 753 675,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 2 365 386,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 611 711,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицит) - -2 967 314,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 2 967 314,6 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.