«Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 02-02/18/169 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 318 бұйрығы
ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 289 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының құрама командаларын даярлауды және жасақтауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 02-02-18/169 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7193 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2011 жылғы 18 қазандағы № 332 (26723) санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
мынадай редакциядағы 21-тармақпен толықтырылсын:
«21. Жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының мүшелері болып табылатын спортшыларды, жаттықтырушыларды және мамандарды ынталандыру мақсатында осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес келісімшарт жасау үшін төлемдердің көлемі бекітіледі.».
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакциядағы 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаменті (Жарасбаев С.М.):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2014 жылы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі.