Салық салу мәселелері жөнінде консультациялық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1314 Қаулысы
(2013.17.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 10 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Салық салу мәселелері жөнінде консультациялық кеңес құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1314 қаулысымен
бекітілген
Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес қызметінің мақсаты салық заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды пысықтау болып табылады.
3. Кеңес өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Салық салу мәселелері жөніндегі кеңес туралы ережені (бұдан әрі - Ереже) басшылыққа алады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен құқықтары
4. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: