Введите номер документа
Прайс-лист

«Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қаулысы (2021.05.10. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 18 октября 2013
Статус
Утратил силу
утратил силу с 30 июля 2023

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қаулысы

(2021.05.10. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 563 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2021.05.10. № 707 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

ҚР Үкіметінің 2021.05.10. № 707 Қаулысымен үлгі қағидалары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 18 қазандағы

№ 1106 қаулысымен

бекітілген

 

 

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің

 үлгі қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом