Зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 218 Қаулысы
(2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 60 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар бекітілсін (бұдан әрі - Талаптар).
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарды айқындайтын нормалар бөлігінде, Талаптардың 5-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларын, 6-тармағының 1) тармақшасын және 6) тармақшасының екінші және төртінші абзацтарын және 7-тармағын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлттық Банк Төрағасы | Г. Марченко |
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 218 қаулысымен
бекітілді
Зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық
жүйелерге қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер