Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 наурыздағы № 95 бұйрығы
Осы редакция 2013 жылғы 21 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесінің 20-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамы бекітілсін.
2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (Э.М. Төлеков) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамымен (С. Нұрбек) бірлесе отырып, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлерді іріктеу үшін тәуелсіз сараптама комиссиясының отырысын өткізуді ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің:
1) «Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамын бекіту туралы» 2012 жылғы 2 шілдедегі № 320;
2) «Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 23 қазандағы № 482 бұйрықтарының күші жойылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-миниетр С.Б. Шаяхметовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 18 наурыздағы
№ 95 бұйрығымен
бекітілген
Тәуелсіз сараптама комиссиясының
құрамы
| 1. | Шаяхметов Саят Болатұлы | - | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, Комиссия төрағасы |
| 2. | Абылайхан Ақерке | - | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары, Комиссия төрағасының орынбасары |
Комиссия мүшелері:
| 3. | Нұрбек Саясат | - | «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының президенті |