Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 213 Қаулысы
(2016.28.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 59 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлттық Банк Төрағасы | Г. Марченко |
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 213 қаулысымен
Бекітілген
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту
қағидалары
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту тәртібін белгілейді.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.28.10. № 265 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры - ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару қызметін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;